Мемлекеттік мекемелерді дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет – президент

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстандағы ауқымды реформаны мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудан бастау керек

Мемлекеттік мекемелерді дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет – президент
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын арнаған президент Қазақстандағы ауқымды реформаларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау ісінен бастауымыз керек деді. Президенттің пайымынша, Конституция заңды күшіне енген соң еліміздің саяси жүйесі толық жаңғырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекеттік мекемелер алдында тұрған міндеттер де күрделене түсті. Қазір билік жүйесін дамытудың жаңа стратегиясына сәйкес осы саланы түбегейлі реформалау қажеттігі туындап отыр. Бұл үдерісте тұтас мемлекеттік аппараттың және әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру маңызды міндет болуға тиіс», - деді Тоқаев.

Бұл үшін, президент айтқандай, Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейдегі басқару құрылымын қайта қарау қажет.

«Билік жүйесі цифрландыру дәуірінің талаптарына сай жұмыс істеп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуі керек. Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет», - деді Тоқаев.