Келесі жыл Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды

Бұл туралы бүгін Жолдауында президент мәлімдеді

Келесі жыл Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды Қазақстандағы жалпыхалықэтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек», - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, осы жылы жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет.

«Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді. Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі Жолдауында Тоқаев сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартатын «Халықтық құрылыс» атты бағдарламаға бастау берген болатын.