10.08.2020, 09:56
Саясат
Беларусьтегі президент сайлауы аяқталды
Экзитпол қорытындысы бойынша Александр Лукашенко жеңіске жетті
Беларусьте президенттік сайлау өтті деп есептелді. ТАСС агенттігінің мәліметінше, СТВ телеарнасының тапсырысы бойынша өткізілген экзитпол нәтижесі Александр Лукашенкоға халықтың 71,4% дауыс бергенін көрсеткен. Ал оппозицияның негізгі кандидаты Светлана Тихановская 10,1% дауыс жинаған.
Жалпы, халықтың дауыс беруі үшін Беларусьте барлығы 5 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Шет елдерде 44 сайлау учаскесі ашылды.

Айта кетейік, Беларусьтегі сайлауға бес кандидат қатысты. Олар: қазіргі президент Александр Лукашенко, Светлана Тихановская, Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень.
Сайлаудың ресми қорытындысы бүгін жарияланады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр