Шұғыл: Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Бүгін, 12 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бүгін президент осы мәселе бойынша премьер-министр және Құрылтай төрағасымен консультация өткізгені хабарланған еді. Осыдан кейін президент мәслихаттарды тарату туралы шешім қабылдаған.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды», - деп хабарлайды Ақорда.
Енді Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тиіс. Президент дәл осындай тапсырма берген.
«Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді», - деп хабарлайды Ақорда.