Екі елдің қарым-қатынас орнатқанына 35 жыл: Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Екі елдің қарым-қатынас орнатқанына 35 жыл: Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Екі елдің қарым-қатынас орнатқанына 35 жыл: Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Тоқаев Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Айта кетерлігі, келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.

«Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екі тарап Қазақстан мен Данияның сауда-экономикалық және инвестициялық байланы қарқынды дамып жатқанын айтқан. Бұл ретте, Тоқаевтың айтуынша, өзара ықпалдастықты бұдан да тереңдетуге болады. Мәселен, Тоқаев Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Данияның Сыртқы істер министрі болса, Тоқаевты аалдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін айтқан.