Президент БАӘ-нің екі өкілін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Марапат Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды

Президент БАӘ-нің екі өкілін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуриге марапат табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Сухейл Әл-Мазруиді және Мансур әл-Мансуриді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясымен көлік-логистика және ЖИ саласындағы жобаларды талқылады.