Бүгін, 10:17
Саясат

Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Тоқаев жарлыққа қол қойды

Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Фото: Конституциялық Соты

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Бақыт Нұрмұханов 1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.

2003-2006 жж - Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі аппаратының құқықтық бөлімінде консультант, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің талдау жұмысы секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі (2006–2011), құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2011–2017), Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы (2017–2022) қызметтерін атқарды.

2008–2022 - Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия жөніндегі Еуропалық комиссиясымен (Венециялық комиссия) байланыс жөніндегі офицер қызметін қоса атқарды.

2023 - 23.09.2026 Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы лауазымына қайта тағайындалды.

2023 жылғы 10 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары.