25.09.2026, 09:12
Саясат
Путин Тоқаевқа Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты
Өз кезегінде Ақорда Тоқаевтың алғысын жариялады
Фото: Қорғаныс министрлігі
Ресей президенті Владимир Путин Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы түнде Кремльдің ресми сайты хабарлаған еді.
Бүгін Ақорда өз тарапынан Тоқаевтың Путинге алғыс айтқанын мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті», - деп хабарлайды Ақорда.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды