Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті

Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды

Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті
Фото: Ақорда

Нью-Дели қаласында өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестерімен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен қысқаша кездесулер сериясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен,  Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен,  Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен, Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен аз-кем-әңгімелесті. 

Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.