Шұғыл: Құрылтай вице-президент ретінде Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады
Оның кандидатурасын бүгін президент ұсынған болатын
Бүгін Құрылтай депутаттары вице-президент лауазымына президент ұсынған Ерлан Қаринның кандидатурасын қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Осылайша Қазақстанның вице-президенті болып Ерлан Қарин сайланды. Оның кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты қолдады.
Ерлан Қарин бұған дейін түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, кейін Президенттің көмекшісі болды.
2022 жылғы 5 қаңтарда Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалып, сол жылдың 14 маусымынан бастап Мемлекеттік кеңесші қызметін атқарды. 2026 жылғы 30 маусымда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Еске салайық, жаңа Конституцияға сәйкес, вице-президент лауазымы қайта енгізілді. Құжат 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған.