28.08.2026, 14:58
Саясат
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай спикері болып сайланды
Бүгін оның кандидатурасын президенттің өзі ұсынған еді
Фото: партияның баспасөз қызметі
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай алғаш құрылған Құрылтайдың спикері болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның кандидатурасын бүгін Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Оны қолдап, 144 депутат дауыс берді.
«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деген болатын Тоқаев.
Депутаттар жасырын дауыс берді.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 09:44
«Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады