Шұғыл: Құрылтай бұған дейін Сенат пен Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеріп шығады

Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Шұғыл: Құрылтай бұған дейін Сенат пен Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеріп шығады
Фото: Ақорда

Бүгін Құрылтайдың біріншісі сессиясының ашылуында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ең алдымен не істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірінші. Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет. Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады. Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек», - деді Тоқаев.

Екіншіден, президент атап өткендей, Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі керек.

«Бұған дейін Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыстығын, нормалардың өзара үйлесімділігін тексеріп отырды. Бұл жұмысты жандандыру қажет», - деді Тоқаев.