«Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас»: Тоқаев алғашқы Құрылтайдың депутаттарын құттықтады

Президент атап өткендей, Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен, ерекше сәт

«Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас»: Тоқаев алғашқы Құрылтайдың депутаттарын құттықтады
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын аша отырып, халық депутаттарға зор үміт артатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз. Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз». – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық.

«Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі. Осы тарихи миссияны атқару сіздерге жүктеліп отыр. Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен, ерекше сәт. Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас», - деді Тоқаев.