Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, оны Майамидегі G20 саммитінде күтетінін жеткізд
АҚШ Президенті Қазақстан басшысын Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
АҚШ делегациясының басшысы, конгрессмен Джейсон Смит Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін алғыс айтып, АҚШ Президентінің ыстық сәлемін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Бүгін түнгі сағат екіде маған Президент Дональд Трамп қоңырау шалды. Мен оған бірнеше сағаттан кейін Сізбен кездесетінімді айттым. Ол Сізге ең ізгі тілегін жеткізуді өтініп, араларыңызда қалыптасқан сенімді әрі сындарлы қарым-қатынас үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге сапарыңызды асыға күтетінін жеткізді.
Біздің сапарымыздың негізгі мақсаттарының бірі – Америка Құрама Штаттары мен Сіздің тамаша еліңіздің арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру. Біз екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды диалогты жалғастыруға бекем ниеттіміз. Президентіміз бұған айрықша мән береді», – деді Джейсон Смит.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Майамиге алдағы сапары Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің дамуына қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық комитетінің төрағасы Джейсон Смитпен, сондай-ақ Конгресс мүшелері Грег Мерфи, Кэрол Миллер, Ронни Джексон, Уэсли Белл және Эдвард Кейспен кездесті.