Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады

Тоқаев  Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: © istockphoto.com

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Президент Премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлескен болатын.