$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 17:10
Саясат

Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары қызметінен кетті

Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметінен босатылды

Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары қызметінен кетті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасары Алмасбек Мамытбеков қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Алайда, шаһар басшысының қос бірдей орынбасарының қызметінен босатылу себебін түсіндірген жоқ.

«Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Ербол Садыр 2019 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды және 2020 жылдың ақпанынан бастап қала басшысының бірінші орынбасары болды. Ал, Алмасбек Кеңесбекұлы бұл қызметке 2020 жылдың ақпанында келген болатын.

Серіктес жаңалықтары