13.05.2026, 16:38
Саясат
Ерлан Қошанов Парламент палаталарының кезекті бірлескен отырысын шақырды
Кезекті бірлескен отырыс 15 мамыр күні өтеді
Фото: parlam.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының кезекті бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірлескен отырыс осы жұма, 15 мамыр күні өтеді.
«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылдың 15 мамыры күні, сағат 10:00-де Астанада шақырылсын», - деп жазылған өкімде.
Айта кетейік, Парламенттің алдыңғы бірлескен отырысы 8 мамыр күні өткен болатын.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді