Ташкентте ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр
Кездесу қорытындысы бойынша 14 құжатқа қол қойылмақ

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет басшыларының кездесуіне ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысуда. Ол сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізіп, сондай-ақ, Ауғанстан премьер-Министрі Абдулла Абдулламен келіссөздер жүргізді.
Кездесуде ШЫҰ елдерінің Үкімет басшылары көп жақты форматта сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуы, инвестиция, көлік, өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мәселелерін талқылады. ШЫҰ ҰБК отырысында ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының келешегі мен өзекті мәселелерін талқылануда. Кездесу қорытындысына орай, сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында қатысты бірқатар құжатқа қол қойылмақ.