$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ – ІІМ

Бұл туралы Ішкі істер министрінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов мәлім етті

Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ – ІІМ
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қазақстандағы референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы «Референдум-2026» онлайн марафонында Ішкі істер министрінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін еліміз бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Барлық жеке құрам қызметтің күшейтілген режиміне көшті. Басшылық және командалық құрам тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр», - дейді ол.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері дауыс беру залдарына кірмейді.

«Барлық учаскелер тәулік бойы күзетке алынған. Маңызды айта кететін жайт, полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және тек қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазір елдегі жағдай тұрақты және толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ», - дейді Әлекешев.

Мақалада

#референдум