Әзербайжаннан келген халықаралық бақылаушы Астанадағы референдум учаскелерінің жұмысы туралы айтты
Оның пайымынша, референдум учаскелері әділ әрі ашық өтіп жатыр
Әзербайжан Республикасының Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, халықаралық бақылаушылардың үйлестірушісі Зияфет Әскеров бүгін «Референдум-2026» онлайн марафонында Астанадағы референдум учаскелерінің жұмысы туралы айтып берді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Зияфет Әскеров бүгін таңертең Астанадағы үш референдум учаскесіне барып, жұмыс істеген екен.
«Біз үш күн бұрын Қазақстанға келіп, жұмысымызды бастадық. Бүгін таңертең бақылаушы ретінде Астанадағы үш референдум учаскесіне бардық. Мысалы, өзім 128 референдум учаскесіне бардым. Ол жерде бәрі ашық әрі әділ, ең бастысы, Қазақстан заңнамасына сай өтіп жатыр», - дейді Әзербайжаннан келген халықаралық бақылаушы.
Ол Астанадағы референдум учаскелеріндегі халықтың көңіл-күйі жақсы екенін айтты.
«Халықтың көңіл-күйі жақсы. Мен тіпті бір-екі адаммен өзім жеке амандасып, өзім жеке сөйлестім. Бәрі де қуанышты», - дейді ол.