FlyArystan компаниясы да наурыздың соңына дейін Дубайға рейс ұшырмайтын болды
Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы да осындай шешім қабылдаған
FlyArystan әуе компаниясы Ақтаудан Дубайға қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұған Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен шектеулер себеп болып отыр.
«31 наурызды қоса алғанда FlyArystan компаниясының Ақтау-Дубай-Ақтау бағытындағы рейсі уақытша ұшпайды. Бұған дейін бұл бағыттағы ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері қатынайтын», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ал, 31 наурызға дейінгі аралықта билет алған азаматтар билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып ала алады немесе билетті басқа датаға қайта брондай алады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Air Astana компаниясы да наурыздың соңына дейін Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатқанын мәлімдеген еді.