$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның дипломаттары Таяу Шығыс елдеріндегі соңғы азамат елге оралғанша тынымсыз жұмыс істейді (ВИДЕО)

Осы уақытқа дейін мыңнан аса азамат елге ұшып келді

Қазақстанның дипломаттары Таяу Шығыс елдеріндегі соңғы азамат елге оралғанша тынымсыз жұмыс істейді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қазақстанның дипломаттары мен әскери қызметкерлері Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсетуін жалғастырып жатыр. Қазір бірнеше мемлекетте үйлестіру жұмысы қатар жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Запастағы полковник Дархан Данияровтың айтуынша, Қазақстан осы елдердегі соңғы азаматы елге оралғанша бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпайды. 

«Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің байланыс нөмірлеріне және әскери атташелер аппаратына азаматтардан көмек сұраған өтініштер келіп түсіп жатыр. Әскери атташе — бұл елшіліктер жанында қызмет атқаратын Қарулы Күштердің офицерлері. Олар орналасқан елдің әскери және күштік құрылымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, қауіпсіздік пен ұйымдастыру мәселелерін үйлестіруге қатысады. Әрбір өтініш бойынша азаматтармен байланыс орнатып, олардың нақты орналасқан жері анықталып, қауіпсіз аймақтарға және эвакуация пункттеріне жеткізу мәселесі ұйымдастырылады», - дейді ол.

Оның айтуынша, әрбір жерде Қазақстан азаматтарын жинап, үйлестіру жұмыстары өтеді. Қажет болған жағдайда оларға дәрігерлер медициналық көмек көрсеп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Туристік аймақтардан тыс жерде немесе ірі қалалардан алыс орналасқан азаматтар үшін жинау пункттеріне дейін арнайы көлік ұйымдастырылады.

«Қазақстанға оралғаннан кейін де жұмыс жалғасады: әуежайларда азаматтарды қарсы алып,  жедел байланыс желілері жұмыс істейді. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасының соңғы азаматы елге оралғанға дейін жалғаса береді», - дейді ол.