$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұбанов университеті жаңа Конституция жобасын талқылады

Қазақстанда 15 наурыз күні референдум өтеді

Жұбанов университеті жаңа Конституция жобасын талқылады
Фото: университеттің баспасөз қызметі

Жұбанов университетінде «Жаңа Ата заң және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Жаңа Конституцияның басты бағыттарын, сондай-ақ ұлттық құндылықтардың мәнін түсіндіру және 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызын талқылау, деп хабарлайды Azattyq Rýhy университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Лаура Қарабасова, «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев, Болашақ бағдарламасы түлегі, журналист, документалист Әлия Әшім, Orda FM радиосының директоры, саясаттанушы Айкерім Есенәлі сөз сөйледі.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Лаура Қарабасова жаңа Конституция жобасында стратегиялық басымдық ретінде айқындалған білім, ғылым және инновацияны мемлекеттік қолдаудың жастардың болашағы үшін шешуші маңызға ие екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиында заң мен тәртіп, жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, әділдік пен жауапкершілік сияқты адал азаматты қалыптастыратын негізгі құндылықтар кеңінен талқыланды.

Жиын соңында спикерлер әрбір азаматтың референдумға қатысуы – азаматтық жауапкершілік пен ұстанымды білдірудің маңызды көрінісі екенін атап өтті.

Мақалада

#референдум