$ 503.44  593.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таза манипуляция»: Қарин жаңа Конституцияға қатысты қандай жалған ақпарат таралып жатқанын айтты

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр

«Таза манипуляция»: Қарин жаңа Конституцияға қатысты қандай жалған ақпарат таралып жатқанын айтты
Фото: скриншот

Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция мәтіні жарияланғаннан бері қоғамда кейбір азаматтар жалған ақпарат таратып жатқанын тағы да бір рет мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оның пайымынша, қоғам жаңа Конституцияның жобасына үлкен қызығушылық танытқан.

«Ел тұрғындары 1995 жылы қабылданған Ата заңмен салыстырғанда жаңа Конституцияның артықшылықтары көп екенін айтып жатыр. Сонымен қатар басқа да ұсыныстар, сын-ескертпелер де бар. Ашық талқылау болғаннан кейін солай болғаны орынды. Жаңа мәтінді біз сол үшін жұртшылықтың назарына ұсынып отырмыз», - деді Қарин сөз басында.

Ол Конституциялық комиссия бірінші күннен-ақ ашық әрі тікелей эфирде өтіп жатқанын айтып, сондықтан, талқылау толықтай халықпен бірге өтіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Қарин Конституциялық комиссияның алдыңғы отырысына қатысты қоғамда қандай да бір сұрақ туындаса келесі отырыста соны ашық талқылап, түсіндіру керек деген ұсынысын айтты.

«Ең бастысы, осындай аса маңызды елдік мәселелерді эмоциямен емес, ақылмен талдап, саралап отырғанымыз абзал. Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде мен де  бүгін қоғамда талқыланып жатқан бірқатар тақырыптарға қатысты өз ойымды айтуды жөн көріп отырмын. Біріншіден, еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол ешқашан өзгермейді. Осылай дәл тағы да қайталап өтуіміз керек. Себебі кейбір азаматтар «Ата заңда елдің әкімшілік аумақтық тұтастығы өзгереді» деп пікір білдіруі – ол шын мәнінде жалған ақпарат, таза манипуляция. Керісінше, жаңа Конституцияда мұндай әрекеттерге қазір де, болашақта да берік тосқауыл қойылған», - деп мәлім етті Қарин.