$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандарды жазалауды тапсырды

Бүгін үкіметте  кеңес өтті

Бектенов жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандарды жазалауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бектенов министрлер мен әкімдерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Дереккөзге сүйенсек, кеңеске қатысқандар жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркеліп жатыр. Бектенов  Ішкі істер министріне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды тапсырған.

Осы жұмысты үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелген.