$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2020, 21:08
Саясат

Дәрігерлер БАҚ арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы үндеу жасады

Дәрігерлер БАҚ арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек - Президент
Фото: ашық дереккөзден

Дәрігерлер БАҚ арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Бұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек. Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады», - Президент.

Оның айтуынша, осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарап, өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болған.  

«Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады. Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де  толығымен қамтамасыз етіледі», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары