Тоқаев: Денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты

Денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы жасаған Үндеуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Індетпен күрестің нәтижелі болуы ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне баланысты. Бұл өте қауіпті, батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
Ол қазақтардың тарихтың талай дауылына бой бермеген халық екенін, батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақтың бұл індетке де төтеп беретініне сенетінін айтты.
«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтеміз. «Денсаулық – зор байлық» деген дана халқымыздың сөзінің қадірін білейік, әр азаматтың амандығы үшін күресейік. Баршаңызға мызғымас денсаулық, бірлік тілеймін!», - деді Тоқаев.