Ерлан Қарин жаңа Конституциядағы жекелеген баптардың мән-мағынасына тоқталды
Ол Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтқан ұсынысты қолдады
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кеше Астана әкімі тарапынан айтылған ұсыныстың мән-мағынасына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен өзгеріске ұшыраған жекелеген баптардың мән-маңызына тоқталсам деймін. Кеше Жеңіс Махмұдұлы (Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек – авт.) өз сөзінде «Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары туралы» ұсыныс айтқан болатын. Бұл өте маңызды бап. Сіздердің қолдарыңыздағы Конституцияның жаңа нұсқасының бірінші бөлімі, 3-бабында бұл бап былай деп жазылады», - деген Қарин оны оқып берді.
Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары:
- егемендік пен тәуелсіздікті қорғау;
- адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
- заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету;
- жалпыұлттық бірлікті бекемдеу;
- халықтың әу-ауқатын арттыру;
- жауапты әрі әсемпаз отаншылдық идеясын орнықтыру;
- қоғамдық диалогты дамыту;
- еңбек, прогресс, білім құндылықтарын бекіту;
- төл мәдениетті сақтау;
«Баптың ауқымы мен аясы айтарлықтай кеңейді. Бұл норма жаңа прембуламен үндесіп тұр. Конституцияның жаңа редакциясындағы прембуламен қатар маңызды норма деп айтуға болады», - деді Карин.
Айта кетейік, бүгін Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын таныстырды.