Шұғыл: Конституциялық комиссия жаңа Ата заңның мәтінін таныстырып жатыр
Кеше комиссия Конституция жаңадан жазылатынын мәлімдешен еді
Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Қазақстанның жаңа конституциясының мәтінін таныстырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өткен отырыста комиссияның бірқатар мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу туралы ұсыныс енгізген болатын. Осыған орай еліміздің Ата заңынның алғашқы жобасы жасалды. Оны дайындау кезінде соңғы алты ай бойы азаматтардан келіп түскен ұсыныстар, комиссия мүшелерінің пікірлері, төртінші отырыстағы ескертулер ескерілді. Жаңа Конституцияның жобасын таныстыруға рұқсат етіңіздер», - деген ол негізгі өзгерістерге тоқталып жатыр.
Бақыт Нұрмұханов хабарлағандай, Қазақстанның жаңа Конституцияның алғашқы жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен 95 баптан тұрады. Конституцияның премабуласы толығымен жаңардын.
Нұрмұханов жаңа Конституцияға ұсынылған өзгерістер азаматтар мен әртүрлі сарапшылардан қолдау тапқанын айтты.
«Жобада Қазақстан Республикасы қызметінің жаңа негізін құрау қағидаты бекіді. «Конституциялық құрылыстың негізі» деген бірінші бөлімде мемлекеттің ұймыдастырулын ақиндайтын, іргелі ережелер қарастырылды. Соларға сәйкес, Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет, басқару нысаны президенттік республика деп тұжырымдалды. Сөйтіп, бірұқатар ғалымдар мен мамандардың басқару нысанын нақтылау керек деген ұсынысы жүзеге асты», - деді Нұрмұханов.