Бейсенбаев Құрылтайда фракция өкілдерінен тең құралатын комиссия құруды ұсынды
Ол сондай-ақ Құрылтайда заң жобаларын үш оқылымда қараудың артықшылықтарын айтып берді
Бүгін, 26 қаңтар күні Конституциялық комиссияның түстен кейінгі отырысында Конституцияға ұсынылып жатқан өзгерістерді талқылау кезінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бірінші болып сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, комитетт ің бірінші отырысы «алдағы жұмыстың дұрыс және сындарды сипатын белгілеген». Яғни, Бейсембаев айтып өткендей, «AMANAT» партиясы бұл үдерістерге тек қана қатысып қоймай, партияластар мен қолдаушылардың пікірін үнемі саралап отырады.
«Бүгінгі таңда біз қолданыстағы негізгі заңға түзетулер енгізу бойынша ғана емес, «Әділетті Қазақстанның» сұраныстарына жауап беретін жаңа Конституцияны іс жүзінде қалыптастырып жатырмыз. Бүгінгі Конституциялық комиссияның жұмысы парламенттік реформадан бастау алды. Өйткені, үлкен бағыты парламенттің болашағына байланысты. Әр партияның саяси ұстанымы мен көзқарасы жұмыс тобында көрініс тапты», - дейді Бейсенбаев.
Елнұр Бейсембаев сондай-ақ заң жобаларын бұрынғыдай екі емес, үш оқылымда қарау заңның сапасын жақсартады дейді.
«Заң шығару процессі жылдам әрі ашық болады. Барлық заң бір парламентте үш оқылымнан өтеді. Яғни, алғашқы екі оқылым ашық талқыланса, үшінші оқылымда оның Конституцияға, еліміздің ұлттық заңдарына сәйкестігі пысықталады. Осы тұста, лобби, жеке мүдде және мемлекеттік саясатқа керағар ұсыныстарға толығымын тосқауыл қоямыз. Яки, арнайы енгізіліп отырған үшінші оқылым негізгі әрі кәсіби сараптаманы арттыратын маңызды қадам болады», - дейді Бейсенбаев.
Осыларды айта келе, Бейсембаев болашақ Құрылтайда барлық фракция өкілдерінен тең құралатын және олардың бәрін қамтитын тұрақты сараптамалық құқықтық комитет құру қажет деген ұсыныс айтты.