$ 501.79  595.07  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құрылтайда халық тікелей сайлаған өкілдер ғана қызмет атқарады – депутат

Отандық парламентаризм тарихында алғаш рет легитимді әрі әділетті қадамдар жасалып жатыр дейді мәжілісмен

Құрылтайда халық тікелей сайлаған өкілдер ғана қызмет атқарады – депутат
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Құрылтайда неге президенттік квота болмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президенттік квота бойынша да біраз мәселе бар. Бүгінгі таңда президенттік квотаның болмауы болашақ Парламенттің тек сайлаушылардың еркімен сайланатынын білдіреді. Яғни Құрылтайда халықпен тікелей сайланған өкілдер қызмет атқаратын болады», - деді ол.

Айтуынша, бұл ашық демократиялық бастаманы әлемдік сайлау процестеріне баға беретін халықаралық саяси ұйымдар толық қолдайды.

«Ол әлемдік тәжірибе мен жаһандық конвенциялардағы либералдық ұстанымдардың анық көрінісі. Бір сөзбен айтқанда, отандық парламентаризм тарихында алғаш рет легитимді әрі әділетті қадамдар жасалып жатыр», - деп атап өтті Бейсенбаев.

Мақалада

#квота #құрылтай