$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев: бірнеше атом станциясын салу – тарихи олқылықтың орнын толтыру

Президент өз стратегиясындағы ядролық энергетиканың орны туралы айтты

Тоқаев: бірнеше атом станциясын салу – тарихи олқылықтың орнын толтыру
Фото: freepik.com

«Turkistan» газетіне сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом станцияларының стратегиядағы орны туралы ойын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy. 

«Сенімді энергия көзі болмаса, Қазақстан экономиканың жаңа технологиялық үлгісіне көше алмайтынын түсінуіміз керек. Суперкомпьютерлерге, дата-орталықтар мен автоматтандырылған өндіріс кешендеріне өте көп энергия қажет. Бұл – жаңа жаһандық технологиялық құрылыстың басты талабы. Қуат көздерін салу үшін білікті мамандар керек. Капитал қоры шамамен 4,5 триллион доллар болатын әлемдегі ең ірі компания – NVIDIA-ның басшысы жақында «көк жағалылар», яғни техникалық мамандық иелері мультимиллионерлер қатарына қосылады деп болжам жасады», - дейді Тоқаев.

Ал, жалпы, бірнеше атом станциясын салу туралы ойын айтқан ол «атом станцияларын салу арқылы техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастырамыз» деген пікірін айтты.

«Бірнеше атом станциясын салу – біріншіден, тарихи олқылықтың орнын толтыру деген сөз. Себебі, уран өндірісі бойынша әлемде көш бастап тұрған елдің бірде-бір атом электр станциясын салмауы мүлдем ақылға қонбайды. Екіншіден, бұл қадам Қазақстанның абырой-беделін нығайта түседі. Біз атом станцияларын салу арқылы техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастырамыз. Тиісінше, мемлекеттік саясаттың түпкі мәнін өзгертеміз. Осыны қаперден шығармаған жөн», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары