$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік қызметке келгеніме 50 жыл - президент өз өмірі туралы айтып берді

Мемлекет басшысы өзін мемлекетшіл адам екенін айтты

Мемлекеттік қызметке келгеніме 50 жыл - президент өз өмірі туралы айтып берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkystan.kz газетіне берген сұхбатында өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мен 1975 жылы КСРО сыртқы іс­тер министрлігінің табалдырығын ал­ғаш рет аттадым, мемлекеттік қызметке кел­геніме былтыр 50 жыл болды. Ал­ғаш­қы мамандығым бойынша мен – қы­тай­танушымын. Бұл кәсіп айрықша та­бан­дылықты қажет етеді. Шынымен де, мә­­тінмен жұмыс істеуге әбден дағ­ды­лан­ғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді. Жолдау­ларым­ды, сөйлейтін сөздерімді, мақа­ла­ларым­ды, тіпті, әріптестеріме жолдан­а­тын хаттардың бәрін тікелей өзім қа­рай­тынымды аппараттағылардың бар­лы­ғы біледі», - дейді президент.


Мемлекет басшысы саналы ғұмыры темірдей тәртіпті, зор жауапкершілікті, жүйелі жұмыс іс­теуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келе жатқанын айтты.

«Мұның бәрі менің мінез-құл­қым мен дүниетанымыма өз әсерін ти­гізді. Сондықтан, «Сіз кімсіз?» деген си­паттағы сауалыңызға қысқаша ғана «мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап берейін», - деді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары