$ 511.26  597.61  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Йогамен шұғылданамын, үстел теннисін ойнаймын»: Тоқаев денсаулығы туралы сұраққа жауап берді

Президент спорттың арқасында тоғыз келіге арықтағанын айтты

«Йогамен шұғылданамын, үстел теннисін ойнаймын»: Тоқаев денсаулығы туралы сұраққа жауап берді
Фото: Ақорда

«Turkistan» басылымына сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Azattyq Rýhy. 

«Денсаулығым жақсы, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым», - дейді Тоқаев.

Бұдан өзге, Қазақстан президенті ТМД елдеріндегі әріптестері арасында кімнің қандай спортпен шұғылданатынын тізіп берді.

«Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан», - дейді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары