$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Менің саяси қағидаттарыма қайшы – президент парламенттік реформаға қатысты сыбысты жоққа шығарды

Тоқаев «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын тағы да еске салды

Менің саяси қағидаттарыма қайшы – президент парламенттік реформаға қатысты сыбысты жоққа шығарды
Фото: parlam.kz

«Turkistan» басылымына сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа аясындағы алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Кейбір сарапшылар парламенттік реформа бір ғана мақсатпен – Парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізіледі деп санайды. Сіз бұл лауазымды өзіңізге дайындап жатырсыз деген де сыбыс бар...» деген сұраққа жауап бере отырып президент алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды.

«Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді. Еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады», - деді Тоқаев.

Тоқаев сондай-ақ 2026 жыл «ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болатынын» атап өтті.

«Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары