$ 504.76  593.8  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұрғын үйді табиғи апаттан сақтандыру: Қазақстанда 2026 жылы қандай заңдар қабылданады

Үкіметте 2026 жылға арналған заң жобаларының жоспары таныстырылды

Тұрғын үйді табиғи апаттан сақтандыру: Қазақстанда 2026 жылы қандай заңдар қабылданады
Фото: freepik.com

Келер жылы Үкімет 12 заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр Үкіметтің 2026 жылға арналған заң жобаларының жоспарын таныстырды.

«Жоспар жобасы мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша дайындалып, осы жылы 31 қазанда Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданды. Жоба 12 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның 3-і мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайды», - деді Сәрсембаев Үкімет отырысында.

Олардың біреуі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», екіншісі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және оған ілеспе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әзірленген түзетулер.

Бұдан бөлек, Парламентке «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы», «Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы», «Жұмылдыру туралы» және оған ілеспе заң жобалары, жыл сайынғы «2027 – 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», сондай-ақ еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша дербес заң жобаларын енгізу көзделген.

«Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда», - деді министр.

Үкімет 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары