$ 504.76  593.8  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқсан бес заң, 388 жарлық, 80 өкім, 3504 қызметтік құжат – Тоқаев жылына неше рет қол қояды

Президенттің баспасөз хатшысы қорытынды статистиканы ұсынды

Тоқсан бес заң, 388 жарлық, 80 өкім, 3504 қызметтік құжат – Тоқаев жылына неше рет қол қояды
Фото: Ақорда

Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев 95 Заңға, 388 Жарлыққа, 80 Өкімге, 22 отырыс хаттамасына, 3504 қызметтік құжатқа қол қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл статистиканы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдем отыр. Президент қол қойған құжаттардың арасынан Руслан Желдібай Бюджет, Салық, Су кодекстерінің жаңа редакциялары мен «Жасанды интеллект туралы» заңдарды ерекше атап өткен.

✔️«Сонымен қатар Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға, сондай-ақ «Алатау қаласына даму қарқыны озық қала» арнаулы мәртебесін беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған шешімдері экономикалық өсімнің жаңа ортасын қалыптастыруды, Түркістанды мәдени-туристік орталыққа, ал Алатау қаласын жоғары технологиялық индустриясы бар, іскерлік хабқа айналдыруды көздейді», - дейді Руслан Желдібай.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің биыл неше елге барғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары