26.12.2025, 12:26
Саясат
Халықтың әл-ауқатын арттыру: Тоқаев Бектеновті қабылдады
Бұл туралы Ақорда хабарлады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндап берген.
Атап айтсақ, Олжас Бектенов:
- еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді.
Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
- макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында айтты.
Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.
- желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын жеткізді.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)