Франциядан келген отбасы Шығыс Қазақстанның полициясына дән риза болған

Azattyq Rýhy

Оларға ШҚО полицейлері көмектесті

Франциядан келген отбасы Шығыс Қазақстанның полициясына дән риза болған
Фото: polisia.kz

Француз саяхатшысы Никола Рабаскино жұбайы және екі қызымен бірге Еуропа мен Азия жолдарын бойлай автоүйде саяхаттап жүр. Ресей Федерациясының жерлерін зерттеген олар Шығыс Қазақстан облысы арқылы еліміздің оңтүстігіне бет алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін ер адам Тарбағатай патрульдік полициясына өзінің автоүйін полиция бөлімінің жанына қойып, түнеп шығу туралы өтініш білдірген. Тәртіп сақшылары қазақы қонақжайлық танытып кешкі асқа шақырған.

«Полицияның арқасында ешқандай қауіп жоқ. Тіпті, бізді қонаққа шақырды», - деп жазды Никола өз блогында.

Тәртіп сақшылары француз туристерінің барлық құжаттары дұрыс заңдастырылғанын және олардың тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталмағанын атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.