$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2021, 10:42
Кейіпкер

Түркістан облысында 99 жастағы ҰОС ардагері коронавирустан жазылып шықты

Науқас ауруханаға екі жақты полисегментарлы пневмониямен түскен

Түркістан облысында 99 жастағы ҰОС ардагері коронавирустан жазылып шықты
фотосуретте: 99 жастағы соғыс ардагері

Түркістан облысының 99 жастағы Леңгір қаласының тұрғыны Капустина Александра Петровна коронавирустан сауығып шықты. Ардагерді аурухана дәрігерлері ерекше қошеметпен шығарып салды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ардагерге коронавирус диагнозы осыдан екі апта бұрын қойылған. Науқастың дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып, әлсіреген. Ол шұғыл түрде Леңгір қалалық ауруханасына жатқызылған. Науқас ауруханаға екі жақты полисегментарлы пневмониямен түскен.

Екі апта бойы ем қабылдаған қария коронавирустан құлан-таза айықты. Денсаулығының мықтылығының арқасында оған өкпенің жасанды дем беру аппараты қажет болмаған. 1922 жылы дүниеге келген қарт әже - Ұлы Отан соғысының ардагері.

«Госпитальге өте ауыр халде түстім. Өзімді нашар сезініп, өте мүшкіл халде едім. Мені шұғыл түрде осында алып келіп, емдеді. Барлық дәрігерлерге алғыс айтамын», - дейді 99 жастағы соғыс ардагері.

Серіктес жаңалықтары