ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

«Ғажап туынды». Мадридтік «Реал» клубы қазақстандық суретшінің туындысын жоғары бағалады

Қанат Нұртазин Көкшетау маңындағы Степняк елді мекенінде туған

фото: instagram.com/kanat_n/

Әлемге әйгілі мадридтік «Реал» клубы қазақстандық суретші Қанат Нұртазиннің жапыраққа салған туындысын жоғары бағалап, оның суретін әлеуметтік желіде жариялады.

Сурет салудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап тапқанды жақсы көретін Қанат Нұртазин соңғы туындысында жапыраққа «Реал» клубының логотипін және команданың капитаны Серхио Рамосты бейнелеген.

«Мүмкін осы жолы «Реал» клубы менің жұмысыма назар аударар» деп, осыдан үш күн бұрын жұмысын жариялаған Қанат Нұртазинге арада екі күн өтпей жатып футбол клубынан жауап келді. «Ғажап туынды» деп жазған «Реал» клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Назарбаев университетінде Кембридж университетімен келісімшарт үйлестірушісі және менеджер болып қызмет ететін Қанат Нұртазин 2018 жылғы baribar.kz сайтына берген сұхбатында сурет салумен тек бос уақытында айналысатынын айтқан.

Қанат Нұртазин бұған дейін Геннадий Головкиннің суретін тұзбен салып, Майкл Джексонның бейнесін таңқурай тосабынан салып шығып, оқырманға танылды.

Сондай-ақ ол Nickelodeon компаниясының анимациялық фильмдері желісі бойынша жұмыс істеген.