$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2020, 12:05
Күннің саны

COVID-19 жұқтырған 104 науқастың жағдайы ауыр - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Оның 11-і – аса ауыр дәрежеде, 18-і – ӨЖЖ аппараттарында 

 

COVID-19 жұқтырған 104 науқастың жағдайы ауыр - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам емделіп жатыр, олардың ішінде 40 бала бар.

Стационарларда – 1 900 пациент, амбулаториялық деңгейде – 1 790 пациент емделуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап. 

104 адамның жағдайы ауыр, 11 – аса ауыр дәрежеде, 18 – ӨЖЖ аппараттарында. 

Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік деректер және оң ПТР-тесті бар коронавирустық инфекциямен ауырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны, сондай-ақ теріс ПТР-тесті бар КВИ туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік беттерінде жарияланатынын хабарлайды. Өңірлер бойынша ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің баспасөз-брифингі барысында апта сайын берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары