$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жолға таласқан екі жүргізуші көшенің қақ ортасында төбелесіп кетті (ВИДЕО)

Желіде тараған мәліметте бірі екіншісін пышақтап тастағаны туралы айтылған

Атырауда жолға таласқан екі жүргізуші көшенің қақ ортасында төбелесіп кетті (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Атырау облысында жолға таласқан екі жүргізуші көшенің қақ ортасында төбелесіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жағымсыз оқиға 17 қараша күні сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесі бойында болған.Hyundai маркалы автокөліктің 2001 жылы туған жүргізушісі мен Toyota автокөлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі арасында бір-біріне жол бермеу фактісі бойынша келіспеушілік туындаған. Нәтижесінде 2001 жылы туған азамат 1987 жылы туған азаматтың қолына жарақат келтірген.

Желідегі мәліметке сүйенсек, жүргізушінің бірі екіншісіне пышақ ала жүгірген. Алайда облыстық Полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарып, темірмен ұрғанын мәлім етті.

«2001 жылы туған жүргізуші №2 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына жеткізілген. Сондай-ақ, оған қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару және міндетті сақтандыру шартын жасамауы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары