$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қысым көрсеткен 15 шенеунік жазаланды

Қызметі тоқтап тұрған 4 кәсіпорынның жұмысы қайта жанданды

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қысым көрсеткен 15 шенеунік  жазаланды
Фото: © freepik.com

Қызылорда облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы тексерістер нәтижесінде 15 шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бизнес өкілдерімен кездесуде басты мәселелер талқыланды

«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында облыс прокуроры Ризабек Ожаров кәсіпкерлер және инвесторлармен жүздесіп, бизнеске әкімшілік қысым көрсету фактілерін болдырмау қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында бизнес жүргізудегі өзекті мәселелер, тексерістердің заңдылығы және кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.

Прокуратураның нәтижелі жұмысы

Өңірлік прокуратура биыл бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізген:

  • 743 млн теңге көлеміндегі 46 инвестициялық жобаның іске асуына жол ашылды
  • Қызметі тоқтап тұрған 4 кәсіпорынның жұмысы қайта жанданды
  • 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалды
  • Бизнес өкілдерінің пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.

15 шенеунік тәртіптік жауапқа тартылды

Прокуратура мәліметінше, 45 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар.

Тағы 4 мемлекеттік қызметші кәсіпкерлікке заңсыз араласқаны және тексеріс тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз тексерістердің алдын алды

Прокуратура жыл ішінде 590 кәсіпкерге қатысты заңсыз тексерістердің алдын алды. Соның ішінде 190-ы — СЭС тарапынан жоспарланған тексерістер. 21 материал бойынша тексеріс жүргізуге келісім бермеді.

Өңір прокуратурасы бизнеске заңсыз қысым жасау фактілерін болдырмау жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары