$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда парақорлардан қайтарылған ақшаға халықаралық спорт кешені салынып жатыр

Спорт кешені олимпиадалық стандартқа сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етіледі

Көкшетауда парақорлардан қайтарылған ақшаға халықаралық спорт кешені салынып жатыр
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда парақорлардан қайтарылған активтер есебінен халықаралық деңгейдегі спорт кешені салынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Көкшетау қаласында әлеуметтік нысанның - халықаралық деңгейдегі спорттық кешеннің құрылысының барысымен танысты.

Болашақ спорт кешені олимпиадалық стандартқа сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл облыс орталығында Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) желісі бойынша республикалық және әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерді орнату және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Спорттық кешенді пайдалануға беру биыл жыл соңына дейін жоспарланған.

Жобаның жүзеге асырылуы облыс орталығының тұрғындары үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстардың барысы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуы қала прокуратурасының тұрақты бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары