$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды: зардап шеккендер бар

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болды

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды: зардап шеккендер бар
Фото: t.me/almatytoday/

Алматыда екі қалалық маршруттық автобус соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден фото мен видео жарияланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болғанын хабарлады.

«69-маршруттың жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Назарбаев даңғылынан шығыс жақта орналасқан аялдама кешенінде тұрған 208-маршруттық автобусына соқтығысқан. Апат салдарынан 69-маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», – деп мәлімдеді полиция.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #автобус