$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда декретке шыққан әкелердің құқығы қалай шектеліп жүрген – Аймағамбетов мәселені түсіндірді

Декретке шыққан ер адамдардың еңбек өтілі сақталады

Қазақстанда декретке шыққан әкелердің құқығы қалай шектеліп жүрген – Аймағамбетов мәселені түсіндірді
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов декретке шыққан әкелердің төлем тетіктері қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тағы да нақтылап өтсек: бірнеше жыл бұрын ер азаматтарға да декреттік демалысқа шығу мүмкіндігі берілген болатын. Бұған дейін бұл құқық тек әйел азаматтарға ғана қарастырылған еді. Қазіргі біз ұсынып отырған өзгеріс декреттік демалысқа шыққан әкелердің еңбек өтілін зейнетақы есептеу кезінде толықтай ескеру. Яғни, егер әке үш жасқа дейінгі баласын бағып-қағу үшін демалыста болса, осы кезең оның еңбек өтіліне қосылады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау кезінде де, 1998 жылға дейінгі стажы бар азаматтар үшін салымдық (солидарлық) зейнетақыны есептеу кезінде де ескеріледі. Бұл өзгеріс мыңдаған, тіпті он мыңдаған азаматтарымыздың құқығын қорғауға бағытталған маңызды қадам», – деді Аймағамбетов жалпы отырыстың кулуарында.

Оның айтуынша, бұл норманы енгізу бойынша тіпті Конституциялық сотқа да жүгінулер болған. Конституциялық соттың тиісті шешім шығарған. 

«Олар да бұл норманы дискриминациялық деп таныды. Сондықтан бұл нақты факт. Конституциялық сотқа жүгінулер болғанын ескерсек, мәселенің ауқымы да өте кең екені белгілі. Айтайын дегенім, қазір декретке шыққан әкелер саны өте көп», – деді депутат.

 

 

Серіктес жаңалықтары