Шымкент тұрғынын ойыншық тапаншамен қорқытып, 700 мың теңгесін тартып алған
Оқиға Сарыағаш ауданында болған
Шымкент тұрғынын ойыншық тапаншамен қорқытып, ақшасын тартып алғандар ұсталды, деп хабарлайды Отырар телеарнасы.
«Полиция бөліміне арызданған мегаполис тұрғынына түс кезінде «Газель» көлігінде отырған сәтте шабуыл жасалған. Медициналық бетперде киген екі адам оны қарумен қорқытып, ішінде 700 000 теңгеге жуық ақшасы бар сөмкесін тартып алып, ізін суытқан.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеді. Бір апта ішінде куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камерасының жазбаларын мұқият қарап, тексеріп шықты», - деп хабарлайды арна.
Күдіктілердің бірін Шымкентте жалдамалы пәтеррден ұстаған. Ол үш рет сотталған қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы қарақшылық шабуылға қатысқан екінші адамның ізіне түскен.