$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2020, 16:10
Жаңалықтар

​Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр

Екі аптада елдегі шағын шаһарда 900-ге жуық жаңа дерек тіркелген

​Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр

Ұлыбританияның Лестер қаласында карантин режимі қайта күшейтіліп жатыр. Бұған коронавирустың өршуі себеп. Соңғы екі аптада шаһарда 900-ге жуық жаңа дерек тіркелген, деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша 350 мыңдай тұрғыны бар қалада вирус жұқтырғандар саны 3 мыңға таяп қалды. Жаңа ережелерге сай, бүгіннен бастап азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары жабылды. Ал бірер күннен кейін мектептерде сабақ тоқтатылады. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнок тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырды. 

«Біз шектеу шараларының орындалуын жіті қадағалаймыз. Қажет болса, талаптарды күшейтеміз. Сақтық шаралары орындалса, індетке тосқауыл қойылып, Лестердегі қала тіршілігі қайта жанданады. Қабылданған шаралардың тиімділігін бақылап отырамыз. Екі аптадан соң талаптарды жеңілдете аламыз ба, жоқ па, соны шешеміз», - дейді Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок.

Серіктес жаңалықтары