$ 524.14  607.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде Гонконг тұмауы таралып жатыр – дәрігерлер сақтанудың ең тиімді жолын атады

Екі өңірде Гонконг тұмауын 32 адам жұқтырған

Елімізде Гонконг тұмауы таралып жатыр – дәрігерлер сақтанудың ең тиімді жолын атады
Фото: istockphoto.com

Гонконг тұмауы Абай облысы мен Алматыға да жетті. Екі өңірді қосқанда, жалпы саны 32 науқас вирустың осы түрін жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

КТК-ның мәліметінше науқастардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді екен. Ал дәрігерлер дерттен сақтану үшін екпе салдырған жөн дейді.

«Тұмаудың алдын алу шарасы — вакцинация. Ең бірінші кезекте осал топтағы адамдар екпе салдыру керек. Оларға арнап жергілікті бюджеттен 60 мың доза сатып алынды. Бүгінде облысымыздың 10 пайызға жуық тұрғыны осы тұмауға қарсы екпе алды», - дейді Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнұр Серікбаева.

Елімізде риновирус, парагрипп және коронавирусқа шалдыққандарға қатысты статистика да мәз емес. Мәселен, Алматыда вирус жұқтырғандар былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Яғни 23 мыңға жуық тұрғын тұмаумен тіркелген. Оның жартысынан көбі — балалар.

Ал Гонконг тұмауымен ауырып жүргендердің қатарында жүкті әйелдер көп дейді мамандар. Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты ақ халаттылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.

Эпидемиология маусымы кезінде өзін өзі қорғау үшін көпшілік орындарға барған кезде бетперде кию ұсынылады. Көпшілік баратын орындарға көп бармауға тырысыңыз. Балалар болмаса, өзі ауыра бастаған кезде, ең бірінші кезде үйде болатын режимді сақтау керек. Өйткені ол ауырып тұрып, көшеге шығатын болса, көпшілік орындарға баратын болса, өзі ауырғанымен қатар басқа да жұқтыруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары